Қаржы • Бүгін, 11:05

Ақылы автожолдардан түскен 72 млрд теңге қайда жұмсалды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың қаңтар–қазан айларында ақылы жолдардан 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақылы автожолдардан түскен 72 млрд теңге қайда жұмсалды?

Қаражаттың негізгі бөлігі жолдарды және инфрақұрылымды күтіп-ұстауға, капиталдық шығындарға, соның ішінде 89 трактор сатып алу және тағы 504 техника бірлігін жеткізуге жұмсалған.

10 айда 61,4 мың м2 ауданда ойықтар жөнделіп,19,6 мың шақырымға жол таңбасы салынған. 4 363 жол белгісі орнатылып, 31,6 мың бойлық метр қоршау жөнделген және 417 мың шақырым жол қардан тазартылған.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметі Бас прокуратура, ҰҚК, ЖАП, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты бақылауда. 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тарапынан тексерулер жүргізілген.

Компанияның қаржылық есептілігі жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтіп, Қаржы министрлігінің депозитарийінде және ресми сайтта ашық жарияланады. Бұл қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына толық айқындық береді.

Ақылы жолдар – еліміздің жол саласын жаңғыртуға мүмкіндік беретін заманауи тетік. Олар жол сапасының жоғары стандартын сақтауға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, логистикалық байланыстарды жылдамдатуға, инфрақұрылымға инвестиция тартуға, республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Жолдың әрбір шақырымы, әрбір жаңа техника, әрбір орнатылған белгі – ақылы жүйенің нәтижелі жұмысының көрінісі. Бүгін де бұл жүйе еліміздің жол желісін жаңғыртудың маңызды қозғаушы күші болып отыр.