Оқиға • Бүгін, 11:40

2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел аумағындағы станцияларда қаңтарылып тұрған вагон санының өскенін хабарлады. ҚТЖ мәліметінше, 2,5 мыңнан астам вагон 10 күн бойы теміржолда тұрып қалған, деп жазады Egemen.kz.

2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр

Фото: rail-news.kz

Оның ішінде 500-ге жуық вагондарға жүк тиелген. Қалғаны бос вагондар.

Қозғалмай тұрған вагондар станциялардың өткізу қабілетін шектеп, құрамдарды қабылдау мен жөнелту ісін қиындатып отыр. 

Осыған байланысты ұлттық компания вагондардың станцияларда тұрып қалуы ҚТЖ қызметіне немесе инфрақұрылымына байланысты емес екенін мәлімдеді. 

«Тасымалдау процесін тұрақтандыру үшін ҚТЖ жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларды станциялық жолдарды босату және вагондарды тиеу мен уақтылы түсіру, дайындауды қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдауға шақырады», делінген хабарламада.