Заң мен Тәртіп • Кеше

Ерлан Қарин: «Заң және тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік іргетасы»

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат еліміздегі идеологиялық саясаттың тұңғыш рет жүйелі әрі біртұтас түрде айқындалуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz

Ерлан Қарин: «Заң және тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік іргетасы»

фото:akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің мақаласында, қоғамда жаңа этика мен құндылықтарды орнықтыру құрғақ ұранмен емес, кезең-кезеңімен жүргізілетін жүйелі саясат арқылы жүзеге асатынын айтты. 

«Қоғамда жаңа этика мен құндылық­тар жүйесін орнықтыру – бір күнде атқары­латын шаруа емес, бұл кезең-кезеңі­мен жүзеге асырылатын жұмыс. Оған құрғақ ұран, жылтырақ идеологиямен қол жеткізу – бос әурешілік. Бұл жерде жалаң үгіт-насихат тиімсіз. Тіпті кері әсер етуі – ықтимал. Бұл біздің жолымыз емес. Біз жұмыстың өз ырғағымен, өз арнасымен жүргенін қалаймыз. Саяси пікір алуандығы және сөз бостандығы жағдайында ең дұрыс қадам да осы болмақ. Біз жүйелі мемлекеттік саясат арқылы адамдар арасында қоғамдық әдеп мәдениетін дамытуды көздеп отырмыз. Кейінгі уақытта жүргізіліп жатқан жұмысымыздың барлығы осыған саяды, дейді ол. 

Ерлан Қарин жаңа саясаттың негізгі элементінің бірі ретінде «Заң және тәртіп» қағидаты айқындалғанын айтты. Бұл – жеке адам мен қоғамдық қауіпсіздіктің ір­гетасы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Заң және тәртіп» мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты болып қала береді. Әлбетте, заңдылықты сақтау – мемлекеттің бірден-бір басты мін­деті. Бірақ қоғамның қолдауынсыз бұл істе нақты нәтижеге қол жеткізу қиын. Сол үшін қоғамда қандай да бір құқық бұзушылыққа, агрессия мен зор­лық-зомбылыққа қарсы иммунитет қалып­тастыру маңызды. Әрине, бұл бір күнде нәтиже бермейді. Дегенмен мемлекетіміз ұстанған «Заң және тәртіп» қағидаты қазірдің өзінде қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етіп отыр», дейді Мемлекеттік кеңесші.

Оның айтуынша, кейінгі бес жылда қылмыстық құқық бұзушылықтар екі есе азайды. Қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі 80 пайызға қысқарды. Заңға бағыну мәдениетін орнықтыру қоғамды жаңа сапалық деңгейге көтереді.

Соңғы жаңалықтар