Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс, экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткі айналымы және басқа да қылмыстық қауіптерге қарсы ортақ механизмдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Заңның қабылдануы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығарып, өңірлік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.