Фото: instagram.com/natije_edu_semey
Бүгінде еліміздегі «Келешек мектептерінде» 460 мыңнан астам оқушы білім алады.
Жиында Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар олардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық мүмкіндіктерін шыңдау өзекті екенін атап өтті. Бұл тұрғыда мектепішілік үйірмелер елеулі үлес қоса алады.
Дзюдо элементтерін үйрететін үйірмелер осы мақсатты жүзеге асыру үшін енгізілмек.
217 «Келешек мектебінде» ашылатын үйірмелер үшін жаттықтырушыларды дзюдо федерациясы даярлайды.
Сонымен бірге мектеп залдарын қажетті спорттық құрал-жабдықтармен, үйірмеге қатысатын оқушыларды арнайы кимономен қамтамасыз ету де федерацияға жүктеліп отыр.
Оқу-ағарту министрі пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында ауыл мектептеріне басымдық берілетінін мәлімдеді.