Аймақтар • Бүгін, 11:30

Талғарда ер адам өз қызын пышақтап өлтірді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Талғар ауданында өз қызын 16 жерден пышақтап өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғарда ер адам өз қызын пышақтап өлтірді

Фото: Ашық дереккөз

Іс 15 жастағы мектеп оқушысын өлтіру фактісі бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) аясында қаралып жатыр. Күдікті ретінде туған әкесі ұсталып, қамауға алынған. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленіп отыр.

С.Әділовтің мәліметінше, қылмыс жасалған кезде ер адам мас болған. Полицейлер оқиға орнын жедел қарап, күдіктіні «ізін суытпай» ұстаған.

Қазір бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар сот-психиатриялық сараптама да тағайындалған. Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберіледі. ІІМ өкілдері тергеу аса ауыр қылмыс бабы бойынша жүріп жатқанын атап өтті.