Фото: freepik.com
Қазіргі уақытта нарық қатысушылары бағдарламаның тетіктерін пысықтап жатыр.
Бағдарламаның мақсаты – автокөлік сатып алуды қолжетімді ету. Екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялар мен автосалондар бірлескен тәсіл қалыптастырып, пайыздық мөлшерлемені негізсіз көтермеуі тиіс. Клиенттерге ең жоғары шектелген мөлшерлемеден төмен ставка ұсыну үшін ішкі субсидиялау механизмін енгізу жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр.
Мәжіліс депутаты Олжас Құсбековтің айтуынша, автосалон көлікті арзан бағада береді, лизингтік компания өз пайызын төмендетеді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер де автомобиль лизингі бойынша пайыздарын азайтады.
«Жуырда олар баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл өнім бойынша пайызды қаншалықты төмендете алғандарын жариялайды. Халыққа арналған презентация да болады деп ойлаймын. Біздің үндеуімізден кейін олар бұл өнімді халық үшін барынша қолжетімді етеді деп сенемін», дейді депутат.