ҚР ҰКП Съезі 2026 жылғы 23 қаңтарда сағат 10.00-де өтеді.
Съезді өткізу нысаны: бетпе-бет (шектеу шаралары енгізілген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).
Өтетін орны: Астана қ., «The Ritz-Carlton Astana» қонақүйі, Достық көшесі, 16.
Тіркелу: 9.00-ден 10.00-ға дейін.
Күн тәртібі:
- Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2024-2025 жылдардағы қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы;
- «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үш жылдық кезеңге арналған (2026-2028 жж.) индикативтік орта мерзімді бюджетін бекіту туралы;
- «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы құрамының кейбір мәселелері туралы;
- «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тексеру комиссиясының 2024 жылғы жылдық есебін бекіту туралы;
- Әртүрлі:
5.1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жарғысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін Съезге қатысушылардың атына қосымша жіберілетін болады.
Съезді шақыру туралы хабарландыру ҚР ҰКП Интернет-ресурсында да орналастырылған https://atameken.kz/kk/news/55695-s-ezd-npp-rk-atameken-sostoitsya--yanvarya
ҚР ҰКП Съезінің күні, уақыты, форматы және өткізілетін орны, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат ҚР ҰКП Интернет-ресурсында орналастырылатын болады.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 91 93 90, 1432.