Президент • Бүгін, 19:50

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.