Әскер • Кеше

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаржылық сауаттылық сабағы өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында әскери қызметшілердің құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-оқыту сабағы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаржылық сауаттылық сабағы өтті

Бас әскери прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзара келісімге қол қойып, бірлескен оқу іс-шараларын өткізуге уағдаласты. Құжат қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйрету және қаржы операцияларына қатысты тәуекелдердің алдын алу бойынша жүйелі жұмысты көздейді.

Бас әскери прокуратура айқындаған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында жоғары деңгейдегі қаржылық мәдениетті қалыптастыру – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қызметінің басым бағыттарының бірі.

Іс-шараға Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокурорлары — әділет майоры Ерлан Қонаров және әділет капитаны Диас Жұмажан қатысты. Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу басқармасының бас маманы Іңкәр Алтаева баяндама жасады. «Аманат» партиясының өкілі Дулат Мыңбаев та қаржылық мәдениет пен әлеуметтік қорғауға қатысты өз көзқарасымен бөлісті.

Қатысушылар әскери қызметшілерді заманауи қаржылық құралдар жөнінде дер кезінде хабардар ету, алаяқтық схемалардан қорғану жолдарын түсіндіру және жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай сабақтар әскери ортадағы жалпы құқықтық және экономикалық білімнің артуына ықпал етеді.

Аталған оқу сабағы құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамының қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық құралдарды тиімді пайдалануды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025