Фото: Астана қаласы әкімдігі
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орайластырылған сайыста астаналық құсбегілер жоғары нәтиже көрсетті.
Елорданың намысын Аян Досыманов, Серікбек Күнтуған, Диас Күнтуған және Ерасыл Серікбекұлы қорғады.
Ерасыл Серікбекұлы Бүркіт сайысында – І орын, Қаршыға сайысында – ІІ орынды қанжығасына байлады.

Турнирде ителгі және қаршыға баптау бойынша құсбегілер сайысымен қатар, қазақы тазы жүгірту, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен басқа да этно бағдарламалар ұйымдастырылды.
Құсбегілік федерациясының қолдауымен өткен сайыс жеңімпаздарын марапаттауға Абай облысының әкімі, Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли арнайы қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуге үлес қосқан құсбегілерге алғыс білдірді.