Фото: istockphoto.com
ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың 30 қарашасында сағат 14:56-да Жетісу облысындағы Дос – Сарыөзек аралығында жүк пойызының машинисі сағатына 43 км жылдамдықпен келе жатып, теміржол бойына адам шыққанын көріп, пойызды шұғыл тежеген.
«Ер адам локомотивтен берілген дабылдарға қарамай, рельс үстінде тоқтап қалған. Нәтижесінде ол аяғын жарақаттап, Сарыөзек станциясының ауруханасына жедел жеткізілді.
Пойыз 15:35-те қозғалысын жалғастырды, 39 минутқа кідіріс болды», деп хабарлады ұлттық компания.
ҚТЖ барлық азаматтарды теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және тек рұқсат етілген жерлерден өтуге шақырды. Бұл ережелерді сақтау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты шарты.