Аймақтар • Бүгін, 18:43

Атырауда иелігіндегі малды қараусыз жібергендерге 790 хаттама толтырылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Атырау облысында үй жануарларын жаю қағидатын бұзатындар қатары көбейіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда иелігіндегі малды қараусыз жібергендерге 790 хаттама толтырылды

Облыстық полиция департаментінің аға инспекторы Дулат Оразғалиевтің мәліметіне сүйенсек, төрт түлікті қараусыз жіберген тұрғындар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабымен жауапкершілікке тартылады. 

«Былтыр Атырау облысында үй жануарларын бағу қағидатын бұзғандарға 554 хаттама толтырылған еді. Ал биыл заң талабын сақтамандарға 790 әкімшілік хаттама толтырылды. Қараусыз жүрген малдың кесірінен өзге тұлғалардың мүлкіне залал келтірілсе, иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шығынды толық көлемде өтейді», дейді Дулат Оразғаиев. 

Оның айтуына қарағанда, полицейлер күн сайын қараусыз малды анықтау үшін бейнебақылау құралдары мен дронды пайдаланады. Тұрғындардың хабары назарға алынады. Сондай-ақ, «Белсенді азаматтар 06» Telegram чатына түскен шағымдарға мониторинг жүргізіледі.