Денсаулық • Кеше

Медициналық қызмет сапасы арта түсті

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өткен аптада Алматы облысына іссапармен келген Денсаулық сақ­­тау министрі Ақ­ма­рал Әлназарова өңір жұртшы­лы­ғы­­мен жүз­десіп, сала­дағы оң өз­геріс, тың жаңа­лықтармен бөлісті.

Медициналық қызмет сапасы арта түсті

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Үкіметтің «Орталық атқа­рушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысы аясында Ал­маты облысына жұмыс сапа­ры­мен келген Денсаулық сақ­тау министрі Ақмарал Әлна­зарова Еңбекшіқазақ көп­бейін­ді орталық аудандық ауру­хана­сының жұмысымен танысып, Талғар аудандық әкімдігінде азаматтық сектор өкілдерімен, өңір тұрғындарымен кездесу өт­кізді. Алқалы басқосуға Ал­маты облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Ер­жан Сүлейменов, медицина саласының жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында министр биылғы 9 айдың қоры­тындысына тоқталып, денсау­лық саласындағы оң өзгерістерді атап өтті.

Денсаулық саласындағы ең оң­тайлы шешім, бұдан былай бұқара скринингтік тексеруден кепілді медициналық көмек аясында өте алады. Елі­міз­дің бас дәрігері Ақма­рал Әлназарова ақжолтай хабарды халыққа жеткізіп қана қоймай, ел азаматтарының өмір сүру жа­сы ұлғайғанына байланыс­ты, скри­нингтік тексеруден өту 76 жас­қа ұзартылғанын атап айтты.

– Тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген пакетіне ендігі кезде онкоскрининг те қо­сылды. Бұл өз кезегінде 300 мың сақтандырылмаған халықтың тексеруден өтуіне мүмкіндік береді, – деді А.Әлназарова.

Өңір тұрғындарымен кез­десу барысында ведомство басшысы жедел жәрдем қыз­метіндегі өзгерістерді мәлім етті. Министрдің айтуынша, 4-санаттағы жедел шақыртулар МСАК деңгейіне беріліп, мобиль­дік бригадалар мен call-ор­талықтар енгізілді. Бұл жедел жәрдем жүктемесін 40-50%-ға тө­мендеткен. Сон­дай-ақ жедел жәрдем кабинет­тері ашылуының арқасында стацио­нарларға түсетін өті­ніштер саны 20%-ға азайған.

Министр медициналық сақ­тандыру жүйесін күшейту жө­нінде қабылданған заңнамалық өзгерістерді де түсіндірді. Ал­дағы жылдан бастап МӘМС жарналарының есептеу базасы ұлғаяды, жүйеге қосымша 200 млрд теңге түседі. 2027 жылдан бастап мемлекет жарналары 2%-дан 4,7%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі. Айта кетейік, Алматы облысында бүгінде халықтың 83,2%-ы сақтандырылған, 16,8%-ы сақ­тандырылмаған. Бұл бағыт­тағы жұмысты үйлестіру мақсатында өңірлік штаб құрылған. Ми­нистр денсау­лық сақтау ин­фра­­құрылымын жаңғырту, медициналық көмек­тің сапасын арттыру, қол­жетімділігін ке­ңейту жұмыс­ы жалғаса­тынын айтты.

Бүгінде Алматы облысында тұр­ғындарға 356 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, оның 54-і – жеке меншік нысандар. Аймақтағы ден­саулық сақтау саласында 3 мыңға жуық дәрігер, 10 мыңнан аса орта буын медицина қызметкері еңбек етеді.

Өткен жылы облыстың медици­налық мекемелері жал­пы құны 3,7 млрд теңге­ні құ­райтын 239 бірлік меди­цина­лық құрал-жабдықпен, 15 санитарлық автокөлікпен қамта­масыз етілді. Жаһандық қордың қолдауымен фтизиопульмонология орталығы 51,5 млн теңгеге рентген аппаратын алды.

Осы жылы 1 магнитті-резо­нансты томограф, 1 ангиограф, 10 бейне­эндоскопиялық тірек, 2 маммограф, 2 жоғары сапалы ультрадыбыстық зерттеу аппараты, жалпы саны 347 медициналық техника сатып алуға жергілікті бюджеттен 6,07 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде облыстың медициналық ұйымдарын жаб­дықтармен қамтамасыз ету дең­гейі 79%-дан 92%-ға жетті.

«Қазақстан халқына» қоры­ның қолдауымен берілген 2 жыл­­жымалы медициналық кешен арқылы 2024 жылы 15 871 ауыл тұрғыны онкологиялық скринингтен өткен. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы жалға­сып жатыр. Атап айтар бол­сақ, «Ауылдық денсаулық сақтау­ды жаңғырту» ұлттық жоба­сы аясында жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 38 меди­циналық нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінде 23 нысан пайдалануға берілді, қалған 15 нысан осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Сонымен қатар биыл жергі­лікті бюджет есебінен 7 жаңа медициналық мекеменің құрылысы басталды. 2022 жылы Еңбекшіқа­зақ көпбейінді ауданаралық ауру­ханасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы­ның алғашқы медициналық-сани­тарлық кө­мек көрсету жөніндегі демон­страциялық алаңы ашылды.

Стационар пациенттеріне көрсе­тілетін көмектің сапасын арттыру мақсатында өңірдің медициналық мекемелерін­де госпитальдық фармация бөлім­шелері жұмысын бас­тады. Бүгінде облыста травматология, нейрохирургия, рентгенохирургия, ЛОР, урология бағыттарында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар республикалық деңгейде жасалатын эндопротездеу, нейрохирургиялық операциялар жүргізіліп жатыр.

Балаларға арналған оңалту қыз­меттері де кеңейіп келеді. «Қам­қорлық» қорының қол­дауымен облыста церебралды сал ауруы, аутизм, эпилепсия, психикалық және сөйлеу дамуының бұзылыстары, сон­дай-ақ өкпе, жүрек-қан тамыр­­лары аурулары бар бала­ларға арналған оңалту орта­лық­тары ашылды. Орталықтар Еңбек­шіқазақ ауданаралық ауруханасы, Жамбыл, Кеген аудандық ауруханаларының базасында жұмыс істейді. Бұл орталықтар ерекше қажет­тілігі бар балалардың меди­­­ци­налық көмекке қолже­тімді­лігін арттырып, оңалту нәтиже­лерін жақсартуға мүм­кіндік берді.

Өңірдегі кадр тапшылығын төмен­дету мақсатында жыл са­йын жергілікті бюджет есебінен медициналық кадр­ларды даяр­лау жүзеге асырылып келеді. Былтырғы жылы облысқа 90 жаңа дәрігер келген. Қазіргі таңда медицина­лық резидентурада 180 маман жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатыр. Аса тапшы мамандықтар бойынша қызметке келгендерге 8 500 000 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.

– Халықтың сұранысына сай келетін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қа­лыптастыру – басты міндетіміз, – деп қоры­тын­дылады Ақмарал Шәріп­байқызы.

Сапар соңында сала басшысы Қонаев қаласындағы көпбейінді қалалық ауруха­насының жұмысымен танысты. Азаматтарды жеке өтініш­терімен қабылдады. Сондай-ақ брифингте БАҚ өкілдерінің сауал­дарына жауап берді.