Оқиға • Бүгін, 10:00

«24 млн теңге»: Павлодарда полиция зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда белгісіз адамдар өздерін энергетикалық орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалған. Зейнеткер есептегіштердің тексерілуі туралы әңгімеге сеніп, сілтемелер бойынша өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған, деп жазады Egemen.kz

«24 млн теңге»: Павлодарда полиция зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқтар зейнеткерге есептегіштің тексеріліп, пломбаланатынын айтып, 1414 сервисінен келген кодты айтуды сұраған. Зейнеткер көрсетілген кодты айтып, өзінде бір банкте үлкен депозит бар екенін хабарлаған. Кейіннен олар зейнеткерге банк атынан қоңырау шалып, ақшаны қауіпсіз шотқа аудару қажеттігін жеткізеді.

Одан кейін курьер келетінін, оған ақшаны беру керектігін түсіндіреді. Зейнеткер еш ойланбастан депозитінен 24 млн теңге алып, 800 мың теңге комиссияны төлеп, үйіне оралып әрі қарайғы нұсқауларды күтеді. Артынша, құрбысына қонаққа барып мән-жайды айтқанда, досы күдіктеніп, учаскелік инспекторға хабарласқан.

«Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тергеу басталды. Қоңырау шалғандардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілер іздестіріліп жатыр», деді Павлодар облысы ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

Зейнеткердің айтуынша, полицияның жедел әрекеттері мен құрбысының сақтығы арқасында алаяқтардан құтылып кеткен. 

«Барлығы телефон қоңырауынан басталды, әрі қарай түс секілді болды. Тек полицияның жедел әрекеттері мен құрбымның сақтық көрсеткенінің арқасында үлкен соманы ұрлатпай, ақшамды қайтаруға мүмкіндік туды», дейді Лидия Федоровна.

Полиция қызметкерлері азаматтарға ешбір мемлекеттік орган ақшаны сақтау үшін алмайтынын және курьер жібермейтінін ескертті.