«Талаптарға сәйкес тапсырыс берушілер 30 күн ішінде жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Алайда, талдау көрсеткендей, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бұл мерзімдерді бірнеше рет елемеген. Мұндай әрекетсіздік адал емес жеткізушілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік береді. Тіпті олар шарт талаптарын орындамаса да жазадан құтылады. Заңда мұндай заңбұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы тікелей көзделген», делінген өңірлік прокуратураның хабарламасында.
Мысалы, сот «KAZ SERVICE PVL» ЖШС-не қатысты «Ақсу қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің талап арызын заңда белгіленген мерзімді өткізіп алуына байланысты қанағаттандырудан бас тартқан. Яғни, мекеме серіктестік тарапынан міндеттемелердің бұзылғанын 2024 жылғы тамыз айында білген. Алайда талап тек бес ай өткен соң берілген.
Прокуратураның енгізген ұсынысы негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.
Осындай құқықбұзушылыққа жол берген 19 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.
Павлодар облысы