Аймақтар • Бүгін, 15:55

Комплаенс-офицер қандай қызмет атқарады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институты – әділ сот төрелігін қамтамасыз етуде заңдылық пен объективтілікті сақтауға бағытталған негізгі мекемелердің бірі. Осы жүйеде комплаенс-офицердің қызметі ерекше орын алады. Ол басшылық, қызметкерлер және қоғам арасындағы байланыстырушы буын, деп жазады Egemen.kz.

Комплаенс-офицер қандай қызмет атқарады?

фото: ашық дереккөз

Институттың қызметі тек сапалы сараптамалық зерттеулер жүргізумен ғана шектелмей, кәсіби этика мәдениетін, сенім мен ашықтық қағидаттарын дамытуға да бағытталған. 

офицер

Комплаенс-офицердің басты міндеті, белгіленген нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету, адалдық пен әділдік атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ сараптамалық қызметтің объективтілігі мен бейтараптығына әсер етуі мүмкін әрекеттердің алдын алу.

– Комплаенс-офицер ішкі регламенттерді әзірлеуді үйлестіреді, олардың орындалуын бақылайды, ықтимал тәуекелдерді талдайды және оларды азайтуға бағытталған іс-шараларды ұсынады. Этика, қызметтік тәртіп және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Үнемі өткізіліп тұратын оқыту семинарлары, кеңестер мен ашық талқылаулар адалдық пен жауапкершілік стандарттарын ортақ түсінуге ықпал етеді, – дейді сот сараптамалары институтының Шығыс Қазақстан облысы бойынша директордың орынбасары Серік Омарғазин.

Жүйелі комплаенс-бақылау жұмысының арқасында институтта сараптамалық зерттеулердің нәтижелеріне деген сенім нығая түскен. Қазіргі таңда комплаенс-офицердің қызметі тек бақылау ғана емес. Корпоративтік мәдениетті, ашықтықты және Институт ұжымының тиімді жұмысын қамтамасыз ететін стратегиялық басқару тетігі.

Айта кетейік, осы орайда туындаған барлық сұрақтар бойынша комплаенс-офицерге compliance.vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Өскемен