Музей • Бүгін, 07:35

Димаштөбедегі ашық мұражай

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданында Димаштөбе аталатын қырат бар. Бұл төбе Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Оған таяу тұстан Индер-Қарабау бағытындағы тас жол өтеді.

Димаштөбедегі ашық мұражай

Аталған ауданның аума­ғында Мен­делеев кестесіне енген пайдалы минералдың мол қоры бары анықталған. Алайда қазақ елінің бір қиы­рындағы қазба байлық әлі толық игерілген жоқ. Де­ген­­мен 1978 жылы Ди­маштөбе атауы берілген қырат­та табиғи байлықтың сан алуа­ны қойылған аспан астын­дағы ашық мұражай ұйым­дастырылыпты. «Пайда­лы қаз­баларды барлау ісінің үздігі» Марат Мұқановтың ай-
туына қа­рағанда, бұған Қазақ­стан Компартиясы орталық ко­митетінің бірін­ші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың аудан-ға келгені себеп болған. 

Жақында тұлға аялда­ған қыратта ашық аспан ас­тын­дағы мұражай қайта жаң­ғыр­ды. Аудан әкімі Серік Нысан­баевтың айтуынша, бұл мұ­ражайды ашу ісі былтырғы жылдың желтоқсанында бас­талыпты. Ар­найы жабдық­талған кешен аумағында Дінмұ­хамед Қонаевқа арнал­ған мемориал­дық тақта қойыл­ды. Жер астын­дағы қазба байлық­тың бірнеше түріне 22 жәшік орнатылды. Сондай-ақ Димаштөбе, «Тұз көлі», «Қыз әулие» атаулары жөнінде ақпарат жазылған тақтайша ілінді.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Батыр мұрасы насихатталды

Қоғам • Бүгін, 07:55

Роботтар да оқитын заман

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Көмілген қала табылды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Ел мұңын жазған шығарма

Басылым • Бүгін, 07:40

Жаратқан алдынан жарылқасын

Тағзым • Бүгін, 07:38

Димаштөбедегі ашық мұражай

Музей • Бүгін, 07:35