Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын таныстырды.
ОПЕК қорының миссиясы – дамушы мемлекеттерге қаржылық қолдау көрсету.
Министрліктің мәліметінше, қордың 49 жылдық тарихында әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жоба іске асырылып, жалпы сомасы 30 млрд доллардан астам қаражат бөлінген.
Сонымен қатар Орталық Азияға 20 жыл ішінде 1,4 млрд доллардан астам қаржы салған.