Білім • Бүгін, 09:31

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып жатыр. Қор қаражаты мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу мен жаңа білім беру ұйымдарын салуға жұмсалып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

«Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 86 мыңнан астам орындық 77 мектеп пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында орналасқан», деді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

вв

Жалпы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры 100 мыңға жуық оқушыға лайықталған 89 мектептің құрылысын қаржыландырған.

аа