Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025

Әйгілі жазушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде әйгілі жазушы Борис Акунинге қатысты сырттай үкім шығарылды. Жазушыға қылмыстық іс бойынша бұрынғы жазылған үкімге қосымша бір жыл қосылып, жалпы 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабалайды Egemen.kz.

Әйгілі жазушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: Ашық дереккөз

Жазушы Ресейде иноагент деп танылған. Жаңа үкімге сәйкес, оған РФ Қылмыстық кодексінің «Шетелдік агенттер туралы заңнаманың талаптарын орындаудан жалтару» бабына сәйкес айып тағылып, жалпы 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның алғашқы төрт жылы қатаң режимдегі колонияда, қалған бөлігі түзету мекемесінде өтеледі.

Сонымен қатар сот жазушыға 200 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ Акунинге алты жыл бойы интернет желілерінде сайт немесе каналдарды басқару қызметімен айналысуға тыйым салынды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы шілде айында Борис Акунинге терроризмді ашық ақтау ісі бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарылған болатын. Кейінірек Мәскеудегі жергілікті сот Борис Акунинді халықаралық іздеуге беру туралы шешім қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20