Халық мессенджерлерде белсенді түрде жаза бастады, ал көптеген адамдар, әсіресе биік үйлердің тұрғындары, қауіпсіздік үшін далаға шықты. Жаппай эвакуациялау жүріп жатыр.
Қалалықтардың телефондарында сейсмикалық белсенділік туралы хабарламалар бірден келіп түсе бастаған, әртүрлі аудандарда адамдардың дүмпулерді қалай сезгені туралы жазбалар пайда болды.
Әлеуметтік желілерде ондаған фото мен видео жарияланды: біреулер үйдегі тербелген шамдарды түсірсе, енді біреулер төтенше жағдай кезінде қосылатын дабыл сиреналарын видеоға түсірген.
Мектеп оқушылары, кеңсе қызметкерлері және орталықтағы тұрғындар уақытша ғимараттардан шығып, көшеде жиналды. Куәгерлердің айтуынша, жағдай тыныш болған – адамдар ұйымдасқан түрде әрекет етіп, қауіпсіздік шараларын сақтаған.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының дерегінше, дүмпулер Қытайдың оңтүстігіндегі Шыңжаң аймағында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты.
Алматыдағы есептік қарқындылық 3 баллды құраған.
«Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Эпицентр координаттары: 41.021° с.е., 78.387° ш.б. Тереңдігі – 5 километр. Магнитуда MPV – 6,7», деп хабарлады ТЖМ.