Қаржы • Бүгін, 16:42

KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 498 теңге болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 498 теңге болып бекітілді. Ұлттық банк доллар бағамын 503,89 теңге деп белгіледі, деп жазады Egemen.kz

KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 498 теңге болды

Фото: Ашық дереккөз

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 499,66 теңгеден сатып алынып, 506,66 теңгеден сатылады. Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 501,37 теңгеден сатып алынады, 503,97 теңгеден сатылады.

Бүгін Ұлттық банк қазан айынан бері теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы 499-500 теңгеге дейін тұрақты нығаюына қатысты ресми түсініктеме берді.

Еске салайық, 3 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 503,89 теңге болды.