Теңге • Бүгін, 18:01

Ұлтттық банк нарықты артық ақшадан тазалап жатыр

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов нарықты артық ақшадан тазалауға шындап кірісті. Банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды күрт көтерді. Бұл шаралар нарықтан инфляциялық қысымды алып тастап, ұлттық валютаға деген сенімді нығайтып, «қаржылық шаңсорғыш» ретінде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлтттық банк нарықты артық ақшадан тазалап жатыр

фото: obk.kz

Сарапшылар жылдың тыныш аяқталатынын болжап отыр. Трейдерлердің орташа күтулері (Apecon, Investing) бір доллар үшін 512-520 теңге «жайлы дәлізде» тұр. Бұл ретте Ұлттық банк нарықтың өзіне теңгенің пайдасына қалыптасып отырған тепе-теңдікті табуға мүмкіндік бере отырып, араласпау саясатын ұстануды жалғастыруда.

Кеше  KASE биржасында ҚР ұлттық валютасы да жоғарылап, сессияны бір доллар үшін 507,25 теңге белгісімен аяқтады (4,8 теңге нығайды). Соңғы аптада доллар 2,47%, бір айда - 3,71%, ал үш айда - 6,3% арзандады.

Доллардың орташа бағамы дүйсенбіге қарағанда 0,98% -ға төмендеді. Іс жүзінде барлық талдаушылар қазіргі динамика - кездейсоқ күш алу емес екенін айтып жатыр. Олар Ұлттық банктің қатаң ақша-кредит саясатының заңды нәтижесі  дегенге көбірек ден қойып тұр.

«Теңгедегі кірістілік инфляцияны жабатын жағдайда валюта сатып алуға деген қызығушылық табиғи түрде төмендейді», дейді  Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Сарапшылар  қарашадағы биржадағы сауда-саттық «доллардың тұрақты ұсынысы» белгісімен өткенін айтып жатыр.  Салық аптасы экспорттаушыларды және квазимемлекеттік секторды бюджетке есеп айырысу үшін табысты белсенді сатуға мәжбүрледі. Ең қызу күндері, 19 және 28 қарашада сауда-саттық көлемі 400 млн доллардан асып, теңгеге қуатты қолдау көрсетті.

Ұлттық банк мұны екі фактордың үйлесімімен түсіндіреді.

Ішкі нарықтағы белсенділіктің артуы және базалық мөлшерлеменің 18 пайызға дейін көтерілуіне байланысты ірі портфельдік инвестициялардың ағыны.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, мөлшерлеменің көтерілуі теңгелік құралдарды шетелдік инвесторлар үшін тартымды етті.

«Лондондағы, Нью-Йорктегі, Әбу-Дабидегі инвестициялық қорлар долларды теңгеге айналдырады, біздің облигацияларымызды сатып алады. Бұл нарықтағы доллар ұсынысын арттырады», дейді Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, портфельдер көлемі айтарлықтай өсті, бұл нарыққа қосымша доллар беріп, теңге бағамын күшейтті.

Теңгенің долларға бағамы нығая түсті және 2 желтоқсандағы сауда-саттықтан кейін 507,96 теңге белгісіне жетті. Қарашада өсім 3,3%-ға жетті. Бұл жыл басынан бергі ең жоғарғы өсім.

Қаржы сарапшасы  Ерлан Ибрагимнің айтуынша, жоғары базалық мөлшерлеме тек қана дамыған нарықтарда нәтижесін береді. Ал біздегі қазіргі жағдайдың алыпсатарлық көбінесе қысқа мерзімді сипаты басым.   Оның айтуынша, Ұлттық банктің қолында теңге бағамын біраз уақытқа дейін ұстап тұратын ресурс бар. Бірақ кейбір жағдайлар бұған сақтықпен қарау керектігін көрсетеді.

«Біз мұны  2014 жылғы девальвацияның алдындағы жағдайдар кезінде байқап қалдық. Сол кезде Ұлттық банк  теңге бағамын ұстап тұрып, кенеттен құнсыздандыра салды. Нәтижесінде ол күрт құлдырауға айналды.Өкінішке орай, менің болжамым көңілді емес. Қарсы ойнайтын іргелі факторлар тым көп. Мен мұны көпшілікке қолжетімді деректерге, макро және микроэкономика мен басқа да қаржылық пәндерді білуге, сондай-ақ көптеген қаржылық жағдайларға негізделген болжамдарға сүйеніп айтып тұрмын», дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, валюта бағамын болжау қазір мүмкін емес.

«Теңгенің бүгінгі жағдайы құрылымдық өзгерістер үшін уақыт ұтуға мүмкіндік. Егер оны жіберіп алса бағам қайтадан экономиканың осал тұстарының айнасына айналады. Егер осы сәт реформалардың бастапқы нүктесіне айналса, теңге  сыртқы күйзелістердің қыспағынан шығады» дейді сарапшы.

 Алматы