Төтенше жағдай • Кеше

Астанада құтқарушылар көпірден суға секіріп кеткен бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан Атырау көпірінде 11:35 шамасында суицидке оқталу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада құтқарушылар көпірден суға секіріп кеткен бойжеткеннің өмірін сақтап қалды

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел кісі суға секіріп кеткен.

Оқиға орнына дереу Оперативті-құтқару жасағының күштері мен Астана қаласы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Құтқару шаралары барысында әйел судан шығарылып, жедел түрде 103 қызметінің бригадасына тапсырылды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар