Табиғат • Бүгін, 22:21

Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жоба теңіз акваториясында жылына 5 000 тоннаға дейін тауарлы балық өсіруге бағытталған. 2025 жылы теңіз учаскесіне диаметрі 120 метрден асатын үш теңіз тор қоршамасы орнатылды. Бұл құрылғылар теңіз жағдайында балық өсіруге арналған заманауи технологиялық жүйелермен жабдықталған.

– 2026 жылы алғашқы 300 тонна тауарлы өнім алу жоспарланып отыр. 2028 жылға қарай өндіріс көлемін жылына 5 000 тоннаға дейін арттыру көзделуде. Бұл – Каспий теңізіндегі теңіз фермерлігі бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы ірі жоба. «Organic fish» ЖШС-нің тәжірибесі өңірдегі балық шаруашылығының дамуында жаңа кезеңді ашады, – деді басқарма өкілдері.

Маңғыстау облысы