Бокс • Бүгін, 09:40

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін 67 келіде ел намысын қорғайтын Санатәлі Төлтаев күндізгі сессияда бақ сынайды. Ол 1/8 финал жолдамасын Замбия өкілі Жеральда Кибиндыға қарсы сарапқа салады. Аталған жұптың кездесуі А рингінде өтеді.

22:00-де басталатын кешкі сессияда 80 келіде Ерасыл Жақпеков пен 86 келіде Дәулет Төлемісов жұдырықтасады. 

Ерасыл Жақпековтің қарсыласы – Буркина-Фасолық Зуграна Эбенезер. 

Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза рамон Ботагеллодан айласын асыруға ұмтылады. 

Айта кетейік, аталған әлем чемпионатында 92 келіде ел намысын қорғайтын Нурмағамед Юсупов өткен жарыс күні тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберді. 

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама сапына Сәкен Бибосынов та ілікті. 

Дубайдағы әлем чемпионатының жеңімпаздары 13 желтоқсан күні анықталады.