Қоғам • Бүгін, 12:08

Денсаулық сақтау министрі Алматыда қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыда жол апатынан қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Насиба Жаңабаеваның жақындарына қайғыра көңіл білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау министрі Алматыда қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты

Фото: видеодан кадр

Министр әлеуметтік желідегі парақшасында Насиба Жаңабаеваның өз міндетіне жауапты, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері болғанын айтты. 

«Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Насиба небәрі 23 жаста еді, төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының Жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Осы қысқа уақыт ішінде ол өз міндетіне жауапты, адал, жанашыр, әрқашан көмек көрсетуге дайын медицина қызметкері ретінде танылды. Насиба Мұхтарқызының туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және Алматының бүкіл медициналық қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын», деп жазды А.Әлназарова. 

Айта кетейік, 2025 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі 2002 жылы туған фельдшер Насиба Жаңабаева қаза тапты.