Президент • Бүгін, 14:30

Жаһандық инвестиция екінші жыл қатарынан неге құлдырады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, дүние жүзі бойынша тікелей инвестиция нөпірінің құлдырауының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаһандық инвестиция екінші жыл қатарынан неге құлдырады?

Фото: Ашық дереккөз

«Мен Жолдауда жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін айттым. Қазір әлемде нарық және капитал үшін талас-тартыс күшейіп барады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) мәліметіне сәйкес, дүние жүзі бойынша тікелей шетелдік инвестицияның нөпірі айтарлықтай бәсеңдеген.

«2024 жылы әлемде нақты секторға бағытталған инвестиция көлемі 11 пайызға, яғни 1,5 триллион долларға дейін қысқарған. Басқаша айтқанда, жаһандық инвестиция биыл екінші жыл қатарынан құлдырап барады. Мұның негізгі себебі – үдей түскен геосаяси шиеленіс пен халықаралық жеткізу тізбегінің үзілуі. Сондықтан біз еліміздегі іскерлік ортаны жақсартуымыз керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызы айрықша мақсат», деді Мемлекет басшысы.