Президент • Бүгін, 14:42

«Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру маңызды болып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті

Фото: baiterek.gov.kz

Қ.Тоқаев өз сөзінде экспорт нарығында бәсекеге түсе алатын, отандық шикізатты пайдаланатын, сондай-ақ озық технологиялар мен инновациялар трансферімен айналысатын кәсіпорындарға басымдық берілуге тиіс екенін атап өтті. 

«Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті. Тікелей субсидиялаудан гөрі кепілдік беру құралдарына көштік. Осы мақсатта менің тапсырмаммен «Даму» қоры жанынан шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі кепілдік қоры құрылды. Аталған бағыт аясында 2229 жобаға жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам кредит берілді. Оның ішінде 220 миллиард теңгеден астамы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.