Технология • Бүгін, 15:57

Қытай толықтай электрлі рулі бар көліктерді нарыққа шығармақ

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рөл мен дөңгелек арасында тікелей механикалық байланысы жоқ автомобильдер бұрыннан бар. Алайда Қытай билігі қауіпсіздік мақсатында мұндай көліктерге қосымша механикалық рөл механизмін орнатуды ұзақ уақыт бойы міндеттеп келді. Мысалы, бұл жүйе Infiniti Q50 моделінде қолданылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытай толықтай электрлі рулі бар көліктерді нарыққа шығармақ

Фото: It-home

It-home хабарлауынша, техникалық үрдіс пен автоөндірушілердің көлік құрылымынан ескірген бөлшектерді алып тастауға ұмтылуының нәтижесінде жаңа қауіпсіздік стандарты қабылданды. 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін бұл құжат механикалық рөл механизмін міндеттеу талабын алып тастайды. Осылайша автомобильдерде толық электрлі рөл технологиясын кеңінен қолдануға ресми түрде мүмкіндік беріледі. 

Жаңа ережеде электрондық және электрлі басқару жүйелері – SBW (Steer-by-Wire) және EPS (Electric Power Steering) – үшін қауіпсіздік пен функционалды талаптардың толық пакеті ұсынылған. Стандартты әзірлеуге Қытайдың жетекші компаниялары Nio, BAIC, Xpeng, BYD, Geely, Xiaomi, Huawei, сондай-ақ Toyota және Mercedes-Benz China инженерлік орталықтарының мамандары қатысқан. 

г

Қытай нарығында премиум сегменттегі кейбір модельдер бұрыннан толық электрлі рөлмен жабдықталған. Енді мұндай технология барлық бағалық сегменттегі автомобильдерге енгізіледі. Бұл өзгеріс техникалық қызмет көрсету саласына да әсер етеді.