Қоғам • Бүгін, 16:28

Қырғызстанға кіру ережесі өзгерді: біздің елдің тұрғындары нені ескеру керек?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелдіктердің Қырғызстанда болуына қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Оған Қазақстан азаматтарының қатысы бар. Қырғызстанның Министрлер кабинеті бұл ережелерді 2023 жылы қабылдаған. Алайда екі ел арасында соңғы екі жыл бойы жеңілдіктер қолданылып, Қазақстан азаматтарына тіркеусіз ұзағырақ болуға мүмкіндік берілген еді. Льготалық кезең аяқталғаннан кейін жаңа талаптарды қолдану осы жылдың 1 қыркүйегінен басталды, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстанға кіру ережесі өзгерді: біздің елдің тұрғындары нені ескеру керек?

Фото: pixabay.com

Отандастарымыз Қырғызстанда қанша күнге дейін бола алады?

Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстан азаматтары Қырғызстан аумағында жалпы алғанда 90 күнге дейін бола алады. Бұл күндер міндетті түрде қатарынан болу шарт емес – мысалы, елге кіріп-шығып жүрген жағдайда да есептеледі. Сол соңғы 6 айдағы 90 күн толық жиналса, еліміздің тұрғындары аталған көрші елге қайтадан тек 3 айдан соң ғана кіре алады.

Осылайша, елге 3 ай бұрын кірген отандастарымыз үшін 1 желтоқсанда болуға рұқсат етілген мерзім аяқталған. Егер азамат Қырғызстанда үздіксіз тұрса, алғашқы 30 күн тіркеу қажет емес, одан кейін міндетті түрде тіркелуі тиіс. Айта кетсек, Қазақстан азаматы тіркелген жағдайда, елде өзіне қажет уақытқа дейін қала алады.

Ел азаматтары Қырғызстанда тұрақты тұра ала ма?

Қырғызстан аумағында тұрақты тұру үшін Қазақстан азаматтарында болуы тиіс заңды негіздер де бар. Олардың қатарына «Қайрылман» мәртебесі бар тұлғалар, ықтиярхаты бар азаматтар, сондай-ақ Қырғызстан қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдер шеңберінде елге кіруге құқылы тұлғалар кіреді. Бірлескен кәсіпорын қызметкерлері мен студенттерге уақытша тұруға рұқсат беріледі, бұл да тіркеу түрі, бірақ елде ұзақ болуға мүмкіндік береді.

90 күндік мерзімді қажетті құжатсыз асырып алған Қазақстан тұрғындарын арнайы ұстамайды. Мысалы, қырғыз шекарашылары мұндай азаматтарды еш кедергісіз елден шығарады. Ал 33 мың теңге көлеміндегі айыппұл азамат басқа құқық бұзушылық үшін ұсталып, тексеріс кезінде елде болу ережесін бұзғаны анықталса ғана салынады.

Ережелерді бұзған Қазақстан азаматтарына қатысты жаңалық

24.kz-тің хабарлауынша, құқық бұзушылықты жою үшін Қазақстанға шығып, 90 күннен кейін қайта оралу қажет. Бұл жағдайда айыппұлдар қолданылмайды. Алайда Қырғызстан Үкіметі бұл мәселеге қатысты қосымша шаралар дайындап жатыр.