Аймақтар • Кеше

Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарына 5 млн теңгеден берілді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жобаның үш жеңімпазы 5 млн теңгеден қайтарымсыз грантты иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарына 5 млн теңгеден берілді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жанаргүл Жоламанованың айтуынша, жеңімпаздың бірі – «Нұрбақыт» жеке кәсіпкерлігінің иесі Нұрбақыт Жәркенова қаз етін өндірумен айналысады.

Ал «Cool Man» жеке кәсіпкерлігін құрған Асқар Құлман ауыл шаруашылығына арналған биогуми өндірісін ашқан. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Бөлекбай Қуанышқалиев жеке ісін ағаш бұйымдарын жасаумен дамытып отыр.

«Біз ауылдарда үлкен әлеуеттің барын, сапалы әрі сұранысқа ие өнім шығара алатын мықты кәсіпкерлер шоғыры қалыптасқанын көріп отырмыз. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы осындай кәсіп иелеріне қолдау көрсетуді көздейді. Жобаның үш жеңімпазына қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұл қаржы олардың бизнесін кеңейтуге жол ашады», деді Жанаргүл Жоламанова.