Аймақтар • Бүгін, 18:47

Ақмола облысында жаппай жол апаты болды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні шамамен 14:21-де «Екатеринбург — Алматы» тас жолының 1300-шақырымында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында жаппай жол апаты болды

Полиция оқиға орнында жүргізген алғашқы тексеріс барысында жүк көлігінің DAF маркалы жүргізушісі Астана бағытына қарай қозғалып келе жатып, көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай, жол бойындағы қоршауға соғылғанын анықтады.

Артынша келе жатқан Chevrolet Cobalt пен Toyota Highlander көліктерінің жүргізушілері де көктайғақта тежегішті ұстай алмай, жүк көлігіне соқтығысқан. Ал Kia K5 жүргізушісі жол апатын байқап тежемек болғанымен, көлікті басқара алмай, сондай-ақ қоршауға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жеңіл көлік жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Полиция өкілдері тексеру аяқталған соң кінәлі тұлғаларға қатысты шара қолданылатынын атап өтті.