Заң • Кеше

Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 мекеме мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған

Департамент басшысы Айгүл Нәбиеваның айтуынша, басты мақсат – нарықта адал әрі тең бәсекелестік орта қалыптастыру, жосықсыз бәсекелестік пен монополиялық әрекеттердің алдын алу.

«Жыл басынан бері жүргізілген мониторингтің нәтижесінде мәдениет және білім саласындағы 31 мекеме тарапынан монополияға қарсы органның келісімін алмай, қосымша қызмет көрсеткені анықталды. Осыған орай мекемелердің басшыларына заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілді. Жергілікті 10 тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілді. Талдау мектепке дейінгі және орта білім, көтерме және бөлшек саудада азық-түлік өнімдерін,, авиаотын, күнбағыс майы, ұн және құс еті нарығын қамтыды», дейді Айгүл Нәбиева.

Оның дерегіне қарағанда, бір субъектінің әрекетінен заңнаманы бұзу белгісі анықталған. Сондай-ақ жеті тергеп-тексеру тағайындалып, оның алтауы аяқталған. Біреуі уақытша тоқтатылған.