Оқиға орнына келген тұрғын құлпытастар мен қоршаулардың сынғанын көріп, полицияға хабар берген.
Белгісіз біреулер құлпытастарды қиратып, металл айшықтарды жұлып алып кеткен.
Атырау облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде вандализмге қатысы бар деген күдікпен 3 жасөспірім ұсталды.
Олар полиция бөліміне жеткізілді, тергеу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.
– Қазір заңда көзделген барлық тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне қойылады. Іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады. Тергеу барысында олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады, – делінген хабарламада.