Жамбыл облысы әкімдігі энергетка және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, өңірдегі елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыс талапқа сай жүргізіліп жатыр.
«Бүгінде орталықтандырылған таза ауыз су құбырын жүргізу бойынша 19 елді мекенде және 5 тұрғын алаптың құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 3 елді мекен мен 4 тұрғын алаптың құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 2 нысандағы құрылыс көлемі 90 пайызға дейін аяқталып отыр. Жалпы барлық нысандардағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындар 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады», дейді басқарма басшысы.