Фото: gov.kz
Еңбек құқығы бұзылған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым беріліп, 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.
Ал жалақыны өндіру бойынша қатаң кесте бекітудің арқасында 10,1 мың жұмыскердің құқығы қорғалған. Бүгінде олардың 2,2 млрд теңге көлеміндегі жалақысы төленген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жағдайды толық бақылайтынын мәлімдеп отыр.
Осы жылдың 1 желтоқсандағы дерегі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізіп, 7 902 бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде еңбек саласында – 6 362, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495, халықты жұмыспен қамту бойынша – 45 факті белгілі болып отыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.