Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол қозғалысына шектеулерге байланысты Белқопа ауылына қарай жаяу келе жатқан 15 адам және Шымкенттен Мәскеуге бара жатқан автобустың 38 жолаушысы қауіпсіз жерге көшіріліп, таяу маңайдағы ауылдың жылыну орталықтарына жеткізілді.
«Эвакуацияланғандарға, оның ішінде 11 Өзбекстан Республикасының азаматтарына медициналық көмек қажет емес», делінген хабарламада.
ТЖМ адамдарға алысқа сапар шеккенде ауа райы жағдайларын ескеруді және төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын орындау қажеттігін еске салады.