sports.kz
Бірінші кезеңде басымдық негізінен грекиялық футболшылар қолында болды. Олар жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндік іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты тойтарыс берді. Ұрымтал сәттерде өздері алға ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.
Екінші кезеңде екі команда толассыз шабуылға иек артты. Ойынның 73-минутында грекиялық клубтан Желсон Мартинш соққан гол «Олимпиакосқа» жеңіс алып келді.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.