АСТАНА. 11 мамыр. Катар астанасы – Дохада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Бұл жолы грек-рим күресінен Нұрмахан Тынәлиев (130 кг.) құрлық чемпионы атанды. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ресми сайты confederation.kz хабарлады.
Нұрмахан Тынәлиев алғашқы белдесуінде Ирак палуаны Хайдер Каабиді жеңсе, ширек финалда Үндістан сенім артқан Навин Навиннен басым түсті. Ал жартылай финалда ирандық Башир Бабаджанзалехтің жауырынын жер иіскетті. Шешуші сында Қытай елінің өкілі Киан Менді алып ұрып, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Алғаш рет ол былтыр Үндістан астанасы – Делиде өткен құрлықтық додада топ жарған болатын.
Сондай-ақ, түйе палуанымыздың үш мәрте әлем чемпионатында қола жүлде алып, мерейімізді тасытқаны есімізде (Мәскеу, 2010 ж., Ыстамбұл, 2011 ж., Будапешт, 2013 ж.). Одан бөлек, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы (Гуанжоу, 2010 ж., Инчхон, 2014 ж.).
Дохадағы сайыста Нұрмаханның «алтынынан» бөлек, грек-рим күресінің палуандары қоржынымызға 1 күміс және 3 қола медаль салды. Күміс жүлде Нұрсұлтан Тұрсыновтың (85 кг.) еншісіне жазылса, Марғұлан Әсембаев (98 кг.), Жасұлан Қошанов (80 кг.) және Демеу Жадраев (66 кг.) «қолаға» қол жеткізді.
Сонымен қатар, аталған құрлықтық додада еркін күрес және әйелдер күресінен де айтарлықтай нәтиже көрсеттік. Атап айтсақ, еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (61 кг.) Азия чемпионы атанды.
Ал әйелдер күресінде Эльмира Сыздықова (69 кг.) – күміс, Жұлдыз Әшімова (53 кг.), Екатерина Ларионова (63 кг.) және Гүлмарал Еркебаева (75 кг.) қола медальға қол жеткізді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: confederation.kz.
• 11 Мамыр, 2015
Грек-рим күресі. Нұрмахан Тынәлиев – екі дүркін Азия чемпионы!

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10