Аймақтар • Бүгін, 16:40

Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барып, қалалық жедел медициналық көмектің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем бөлімшесіне Hyundai Staria маркалы бес жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді

2025 жылы шығарылған жаңа көліктер толықтай заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Әрбір автокөлікте дефибриллятор, аспиратор, өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты, реанимациялық рюкзак, 15 литрлік оттегі баллоны және медициналық каталка орнатылған. Бұл жабдықтар дәрігерлерге шұғыл жағдайларда жылдам әрі сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы өз сөзінде бұндай игілікті іс мемлекет тарапынан лайықты қолдау тауып, өз кезегімен жалғасын табатынын атап өтті.

- Халықтың денсаулығын қорғау – біздің басты басымдығымыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай өңірде жедел жәрдем қызметінің уақытылы әрі тиімді жұмыс істеуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Көліктеріңіз елдің денсаулығын жақсартуға септігін тигізе берсін. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.