Ғалам ғажаптары • 12 Желтоқсан, 2025

Атоммен жүретін кеме

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай әлемдегі алғашқы атоммен жүретін контейнер тасымалдаушы кеме жасауды жос­парлап отыр. Балама энергия көздеріне көшу өзекті болып тұр­ған шақта, Цзяннань кеме жасау зауыты ядро энергиясын пайдаланатын жаңа өнімдерінің үлгісін таныстырды.

Атоммен жүретін кеме

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жоспарланған контейнертасымалдаушылар шамамен 25 мың контейнерге дейін жүк тиеп, алыс сапарды жанармайға тәуелді болмай еңсере алады. Сарапшылардың айтуынша, жобаның нақты құрылысы алдағы он жыл ішінде басталуы мүмкін. Қытай бұл бағытқа алғашқылардың бірі болып кірісіп, теңіз логистикасын дамытуға ден қойды.

 

Соңғы жаңалықтар