Талбесік • Кеше

Резерватта мәлін жүр

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құс пен аңның, өсімдіктің, сүтқоректілердің түр-түрі бар. Ал жақында осындағы дрон камерасына сирек кездесетін әрі сырт көзге көп көрінбейтін жабайы мысықтың бірі түсті. Бұл – мәлін (қамыс мысығы).

Резерватта мәлін жүр

Резерват инспекторы Илья Бофоновтың дерегіне қарағанда, бұл мәлін өте сақ, әрі тез жасырынады. Адамды алыстан байқайды. Қамыстың арасынан анық байқал­майды. Өйткені жыртқыш қамыс түсінен айнымайды.

«Мәліннің жасырынатын мекені – қамыс қалың өскен аумақ. Бірақ оның резерваттағы нақты санын болжау мүмкін емес. Тіпті санай алмай жүрміз. Өйткені адамнан бой тасалап аулақ жүреді», дейді И.Бофонов.

Оның айтуынша, кейінгі екі жылдан бері резерватта тепловизоры бар дрон қолданылады. Резерваттың әр тұсына фототұзақтар қойылды. Дронмен көп видеоматериал жиналыпты. Енді оған талдау жүргізіледі.

«Біз осындай сирек кездесетін аң түрлерін бақылауды жалғастыра береміз. Осы мақсатта жүргізілетін мониторинг бағдарламасын кеңей­туді көздеп отырмыз. Мәлімет толық жинақталған соң қамыс мысығының мінез-құлқы мен санын нақты анықтауға мүмкіндік туады», дейді резерват инспекторы.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025