Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025

Германияның банк шоттарын бұзған Қазақстан азаматы қамауға алынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия азаматтарының банк шоттарына және жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында қолға түсірген, деп жазады Egemen.kz.

Германияның банк шоттарын бұзған Қазақстан азаматы қамауға алынды

Фото: Depositphotos

Оперативтік шаралар 9 желтоқсанда Қазақстан Бас прокуратурасының үйлестіруімен және Германияның Федералдық қылмыстық полициясымен бірлесіп жүргізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген залал бірнеше жүз мың еуроға бағаланып отыр.

Тінту барысында деректерді сақтау құрылғылары және дәлел ретінде маңызы болуы мүмкін өзге де заттар тәркіленді.