Аймақтар • Кеше

Түзету мекемесінде өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №10 мекемеде екі жаңа өндірістік нысан — «INFINITEL» және «БроМарт» кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың кезекті кезеңі жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.

Түзету мекемесінде өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды

Жаңа өндіріс орындарының қызметімен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, салалық ведомстволардың басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері танысты.

Мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы тиімді әріптестік нәтижесінде ел басшылығы қойған жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру және ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Өңірде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейі 41 пайыздан 65 пайызға дейін артты. Бұл нәтижеге кәсіпкерлермен бірлесіп іске асырылған оқыту бағдарламалары мен өндірістік жобалардың қосқан үлесі зор. Атап айтқанда, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тегін курстар аясында 250 адам сертификат алып, олардың 78-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бұл кәсіпорындардың іске қосылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын нақты іске асырудың айқын көрінісі. Еңбек — жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеудің ең тиімді тетіктерінің бірі. Осындай жобалар арқылы біз оларға жаңа мүмкіндік ұсынып, болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастырамыз», деді облыс әкімі.

Қараша айының қорытындысы бойынша ҚАЖ жүйесіне қарасты №10, 12, 14 және 57 мекемелерінде жалпы саны 251 жаңа жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта өңірде өндірістік секторды кеңейту және жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50