Қоғам • Бүгін, 09:23

Түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасы

30 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. Түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсерін жан-жақты қарастыру бас­ты мақсаты болған халықаралық симпозиумға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінің белгілі ғалымдары мен құқық саласының мамандары қатысты.

Түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасы

Cимпозиумы аясында өт­кен «Фило­со­фия, әділет және адамгершілік: Зама­науи трансформациялар дәуіріндегі түркі өркениетінің сабақтастығы» атты пленарлық отырыста Қазақстан Конститу­циялық Сот төрағасы Эльвира Азимова маңызды да терең мағыналы іс-шараны бір­лесіп ұйымдастыру мүмкіндігі үшін университеттің Өкілетті кеңес төрағасы Мұхиттин Шим­шек пен ректор Жанар Темірбеко­ваға алғысын білдірді. Құқық­тық мә­дениеттің рухани негіз­ге сүйен­генде ғана қоғамның сені­мін арттыратынын атап өтті.

«Неліктен біз «Ұлы даланың философиясы мен құқықтық мәдениетіне» назар аударуды жөн санадық? Өйткені олар ар-намыс, әділдік, үйлесім­ділік, жауапкершілік және қоғам­дас­тыққа құрмет ұғымдарын қам­тиды. Бұл құнды­лықтар ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жауапты азаматтарды тәрбиелеуге, әділ және заңды мемлекетке қарай қазіргі заманғы бағытқа сәйкес қоғамды дамытуға көмектеседі», деді Э.Азимова.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, облыс әкімі Нұралхан Көшеров­тің құттықтау хатын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев оқып берді.

«Бүгінгі жиын – Ұлы даланың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымын, адам мен қоғам туралы терең пайымдарын және құ­қықтық мәдениеттің бастау­ларын жаңа қырынан зерде­леуге мүмкіндік беретін маңыз­ды алаң деп білемін. Дала өр­кениетінің өзегінде адам­гер­шілік, әділет, ынтымақ пен жауап­кер­шілік секілді құндылықтар жат­қаны баршаға мәлім. Осы құн­дылықтарды заманауи ғылыми айналымға енгізіп, құқықтық ойдың дамуына бағыттау – бүгінгі симпозиумның басты миссиясы», деген министр хатында.

Сондай-ақ пленарлық отырыста мем­лекеттік органдар­дың жоғары өкілдері түркі өркение­тіндегі адамгершілік, әділет және жауапкершілік ұста­нымдарының бүгінгі мемле­кеттік басқару мен құ­қық­тық тәрбиеге әсері туралы ой бө­лісті. Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ, Адам құқықтары жөнін­дегі комиссия төрағасы Игорь Рогов, Түркі мәде­ниеті мен мұра­­сы халықара­лық қорының прези­денті Ақтоты Райым­құлова, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырма жөніндегі елшісі Алуа Надир­кулова, Түркі мемлекет­тері ұйымы жанындағы Түркі мем­­лекеттерінің кәсіп­кер әйел­­дері кеңесінің төрайы­мы Ләззат Рама­занова, Түркі ака­демия­­сы­ның вице-прези­денті, про­фес­сор Бүлент Байрам,  Қазақ­стан Республикасының Конс­ти­туциялық Соты жанын­дағы Ғылыми-консуль­тативтік кеңестің мүшесі, про­фессор Мүсілім Хасе­нов сөз сөй­леді. Олар түркі өрке­­ниетін­дегі адам­гер­шілік, әділет және жауапкер­шілік ұстаным­дарының қазіргі қоғам үшін маңызын жан-жақты талдады.

Симпозиумның алғашқы күні сек­ция­лық отырыстар мазмұнды пікірлер­мен ерекшеленді. Халық­аралық жиын­да түркі әлемінің көне құқықтық дәстүр­лері, билер институтының тәжіри­бесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әді­­летке негізделген құқықтық мәде­ниеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсері жан-жақты қарастырылды. Мысалы, халықаралық симпозиум аясында «Түркі әлеміндегі әділет дәстүрі және құқық мұрасы» тақы­рыбында өткен бірінші сек­циялық отырыста түркі дүние­сіндегі әділет дәстүрін зерттеген ғалымдар ауызша құқық пен би-шешендік институтының ерекшеліктерін талдап, «Ізгі адам – ізгі қоғам» қағидасының түркілік құқықта қалай көрініс тапқанын түсіндірді.

PhD қауымдасты­рылған профессор, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Халил Четин модера­торлық еткен отырыста алғашқы болып баяндама оқыған белгілі ғалым, профессор, Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Шәкір Ибраев көшпелі қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптас­тырған ауыз­ша дәстүрдің маңы­зына тоқта­лып, билер инсти­тутының ел ішін­дегі мәселелерді әділ шешу­дегі басты қыз­метін ашып көр­сетті. Көшпелілердің әлеуметтік қатынастарды реттеу тәжіри­бесі, дау жолдарын ақылмен шешу үлгілерін кеңі­нен талдады. Ал Әлішер Науаи атында­ғы Мемлекеттік әдебиет мұра­жайының директоры, про­фессоры Жаббар Эшанкул «Түркі дүниесіндегі құқықтың рухани мәні: Ізгі адам – ізгі қоғам» қағидатын түркі дүниесінің рухани құқықтық түсінігімен байланыстыра отырып, қоғамның кемелденуі ең алдымен адамның ішкі мәдениеті мен адалдығына негізделетінін атап өтті. ҚМДБ Ислам ғылыми-зерттеу инс­титу­тының директоры Төрәлі Қыдыр Ахмет Ясауи ілімінің түркі халық­тарының моральдық-құқық­тық қағида­ларына ықпалын талдап, рухани мұра­ның қазіргі құқықтық мәдениетпен үндес­тігін көрсетті. ТҮРКСОЙ бас хатшы­сы­ның кеңесшісі, профессор Азиз Биймырзаұлы түр­кі мә­де­ниетіндегі ауызша құқық дәс­түріне назар аударып, қырғыз халқының ұлы эпосы «Манаста» сақталған құқық­тық нормалардың қоғам­ды тұтастандырудағы тарихи рөлін айқындады.

Екінші секциялық отырыс «Далалық құқық философиясы» тақырыбында өтті. Жиын­ды PhD, Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов жүргізді. Абай атындағы ҚазҰПУ мемлекеттік-құқықтық зерттеулер орталығының басшысы, Ұлттық заң академиясының президенті Бахытжан Қуандықов «Көшпелі қазақ жеріндегі байырғы құқықтық мұралар» тақырыбында жасаған баяндамасында дала заңдарының табиғатын, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі орны мен тарихи сабақтастығын жан-жақты талдады. Ал Өзбекстан Респуб­ликасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының адам құқықтары саласындағы талдау және зерттеулер бөлімі­нің меңгерушісі Уткир Очи­лов Өзбекстандағы соңғы саяси-құқықтық өзгерістерді, консти­туциялық реформалардың адам құқықтарын қорғау­дағы маңызын атап өтті. Нұр-Мү­барак Ислам Мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD Мұқан Исахан «Қазақ әдет-ғұрып заңдарының діни аспектілері» тақырыбында қазақтың дәстүрлі құқық жүйе­сі мен исламдық құқықтық түсінік­тердің өзара байланысын ашып көрсетті. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қауымдастырылған профессоры Бекарыс Нұриман «Құтадғу біліктегі мемлекет басқару қағидаты және «ізгі-заң» ұғы­мы» туралы ой қозғап, түркі дү­ниесінің саяси-философиялық мұрасындағы әділет, басқару мәдениеті мәселелерін талдады. Сондай-ақ секция отырысында PhD, Ясауитану ғылы­ми-зерттеу институтының жетек­ші ғылыми қызметкері Мұхит Төлегенов Әл-Фара­би­дің фи­лософиялық мұрасының қазақ құқықтық мәдениетіне ықпа­лын ғылыми тұрғыда негіздеп берді. Осылай­ша, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген зерттеушілер түркі ха­лықтарының рухани ілімдері мен адам­гершілік нормалары құқықтық ойлаумен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Ұлы дала мұрасынан жаңа мемле­кет­шілдік қағидаттарына дейін» тақырыбында өткен Workshop-та сот, прокурату­ра және қауіпсіздік құрылым­дары өкілдері заманауи мемле­кет­шілдіктің негіздерін талқы­лады. Мысалы, жиында Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов ұлы дала фило­со­фиясында ғасырлар бойы қа­лыптасқан парасат, әділет, жауап­кершілік және бітімгер­шілік қағидалары қазіргі сот жүйесінің даму бағытымен толық үйлесетінін атап өтті.

«Осы құндылықтарды жаңа институттармен, цифрлық технологиялармен және құқық­тық стандарттармен сабақтасты­ра отырып, біз сот төрелігінің тиімділігін, ашықтығын және аза­мат­тардың құқықтарын қорғау деңгейін күшейтіп келеміз. Ха­лық­аралық симпозиум жұмы­сы осы бағыттағы ғылыми және кәсіби ынтымақтастықты кеңей­тіп, сот жүйесінің дамуына серпін беретініне сенімдімін», деді А.Сұлтанов.

Ал Түркістан облысының про­куроры Мұрат Тілеубердиев ха­лықтың тарихи тамыры мен бол­мыс-бітімін түгендейтін мұн­дай ауқымды диолог алаңда­ры­ның ұлттық мүдде тұрғы­сы­нан маңызы өте зор екенін айтты. Сон­дай-ақ жиында қауіпсіздік сала­сы­ның өкілдері – Ұлттық қауіп­сіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бас­тығы, генерал-майор Болат Қал­мырзаев, Түркістан облысы бойын­ша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бас­шы­сы Ерболат Балғабаев өз сала­ла­рындағы өзекті мәселелерді көтер­ді. Конституциялық құнды­лық­тардың тарихи тамыры, қыл­мыс­тық заңнама эволюция­сы және ай­мақтық құқықтық қауіп­сіздіктің өзекті мәселелерін сөз етті.

Симпозиумның соңғы күні қатысу­шылар ортақ ғылыми бас­та­маларды дамыту жөнінде ұсы­ныстар қабылдады. Атап айтқан­да, ғылыми жинақ шығару, «Түр­кі дүниесінің құқықтық термин­дер сөздігін» әзірлеу және түркі ел­дері университеттері ара­сындағы құқықтық зерттеулер желісін құру жоспарланды. Бұл бастамалар түркі халық­тарының ортақ құқық­тық мұра­сын жүйелеп, оны қа­зіргі құқық­тық білім мен ғылы­ми ортаға енгізуге жол ашпақ.

Айта кетелік, Конституция­ның қабыл­данғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараны Консти­туциялық Сот, Түркістан облысының әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастырды.

 

ТҮРКІСТАН 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50