Білім • Кеше

Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшірілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өткізген жедел штабтың жиынында мектептердегі сабақты онлайн форматта өткізуге шешім қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшірілді

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ертең мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды.

«Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Сол себептен, Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын сабақты онлайн форматында оқуға көшіру керек», деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысында кешеден бері ауа райы күрт нашарлады. Барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.