80 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын «Aktobe ROM Group» ЖШС-і басшылығы 2021 жылдың наурызында бастауға уәде етіп, аяқсыз қалған еді.
Сот шешімімен «Exclusive» тұрғын үй кешеніне қаржы салған үлескерлердің 553 млн теңгеге шығынға батқандары расталды. Жұмысты жалғастыруды 2022 жылы құрылған «Ақниет –2022» тұрғын үй-құрылыс кооперативі міндетіне алып, екі жыл ішінде аяқтады.
Айта кету керек, күні бүгінге дейін 2021 жылдан бері тұрғын үй құрылысына үлескерлік әдіспен 6,3 млрд теңге қаражат салған 845 ақтөбеліктің мәселесі өзекті болып тұр. Үлескерлік дауды шешу мақсатында 2023 жылы «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС-і құрылып, зардап шегушілер мен құрылыс компанияларының арасындағы мәселені зерттеуге алды. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қаражат жетпей қалған серіктестерге қолдау көрсетілсе, жосықсыз мердігерлерге қылмыстық істер қозғалды.
Осы жылы жұрттың ақшасын алып, үйін салмаған екі тұрғын үй кооперативінің басшысы сотталды. Алдағы уақытта пәтерлері дайын болған үлескерлерге кезең-кезеңімен пәтер кілттері табысталатын болады.
Ақтөбе облысы