Фото: gov.kz
Байқауға Конго, Камерун, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерден келген 20 үздік студент қатысып, жасанды интеллект пен терең оқыту технологиялары бойынша озық жобаларын ұсынған.
Қатысушылардың кәсіби даярлығы, практикалық біліктілігі және инновациялық шешімдері халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары талаптар бойынша бағаланған.
Айта кетейік, Ильяс Гатин бұған дейін де бірқатар республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. Ол WorldSkills Kazakhstan–2024 ұлттық чемпионатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленген. Сонымен қатар, ProIT командасының құрамында «Inform Defence Hackathon» хакатонында І орынды жеңіп алған.
Бұл жетістік қазақстандық колледж студенттерінің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді.